Махамбет оқулары байқауы өтті

(0 Votes)

Дауылпаз ақын, қазақ халқының азаттығы үшін күрескен батыр Махамбеттің отты жырларын жастар арасында насихаттау мақсатында аудандық Махамбет Өтемісұлы оқулары байқауы өтті.

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйі ұйымдастырған байқауға Шортанбай, Мақаш, Сүйіндік, Жаңаталап, Бөкейхан, Кудряшов, Нұржау, Теңіз ауылдық округтерінен 5-7 сынып оқушылары қатысып, бақтарын сынады.

Қатысқан сегіз оқушының бәрі де ақынның бірнеше өлеңдерін жаттап келіпті. Жатқа айтқанда аздап мүдіріп қалғандары бар. Әрине, сайыс болған соң жеңімпаз анықталады. Әділқазылар алқасының шешімімен Махамбеттің 24 өлеңін жатқа айтқан Теңіз ауылынан келген Назгүл Нұрланова Бас жүлдеге лайық деп табылды. Жаңаталаптық Алтай Қолқанат І орынды иемденді. Сүйіндік ауылынан келген Дәулет Орденов екінші, шортанбайлық Милана Өсербай үшінші орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен қатысушыларға әділқазылар алқасының төрайымы Гүлфара Құлбаева дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етіп, алда осындай байқауларда бақтарың жансын деген ізгі тілегін жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT