Майя - "Қазақстанның құрметті педагогы"

(2 Votes)

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 03.03.2020 жылғы № 843-5-1666/11-4 хаты негізінде «BILIM-ÓRKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» атты республикалық байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: ҚР педагогтарының мәртебесін және беделін арттыру, педагогика саласындағы инновациялық идеяларын кеңінен таратып, білім беру саласының үздіктерін анықтау.

Осы байқауға Абай атындағы жалпы орта мектебінің жоғары санатты ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Құрманбаева Майя Саматқызы қатысты.

Байқауға еліміздің түкпірінен 50-ге жуық педагог мамандары қатысты. Байқау барысында Майя Саматқызы 20 жылдық педагогикалық тәжірибесін және жетістіктерін тізбектеп, педагогикалық афиша ретінде ұсынды. Бұдан басқа ереже бойынша креативті түрде педагогикалық идеяларын да паш етті. Байқау нәтижесі бойынша білімділігімен көзге түсіп, мыңнан жүйрік атанып, жүлделі І-орынды Майя Саматқызы жеңіп алды. Байқау жеңімпазына «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ» төсбелгісі тағылып, қатысушылардың өмірбаяны енгізілген кітап-жинағы табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT