Майдангерлерге арналған ескерткіш жаңартылуда

(0 Votes)

Құрманғазы ауданындағы ең таза округ осы Байда ауылдық округі шығар.

Қоқып жатқан ештеңе көзге түспейді. «Жол бойында жомарт отырады», дегендей округ әкімі Жүсіп Төреғалиев қашанғы әдетінше жадырай қарсы алды. Сымдай тартылған батыр тұлғалы азамат ұзақ жыл полицияда жұмыс жасап, әскери тәртіпке дағдыланып қалғандықтан ба қысқа да нұсқа сөйлейді. Бірден Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арналған ескерткіш-обелискіге апарды. Көктемде келгенде сұрқы қашып тұрғанын көргенбіз. Сонда мұны жөндететінін айтқан. Сөзінен таймапты. Қазір қызыл кіршпішпен қапталып, ортасында естелік тақта қоятын орын қалдырылыпты. Айналасы қоршалып, алдына, елу метр жерге әдемі тас төсеніштер төселіпті.

img_3030

Іші неге кең екенін сұрағанымызда Жүсіп Сүлейменұлы: – Мұндағы үш тақтаға Ұлы Отан соғысында қаза тапқандармен қатар елге аман оралған, бүгінде арамызда жоқ адамдардың аты-жөні жазылады. Оларға мәңгілік қарыздармыз, есімдері ұмытылмауы тиіс. Дәл алдында мәңгілік алау жанып тұрады. Енді алаңның неге кең екеніне тоқталсақ, жас ұрпақты отансүйгіштікке, бабалар аманатына адалдыққа тәрбиелеу мақсатында «Жас ұланға» қабылдау сияқты шараларды осында өткізбек ойымыз бар, - деді. Сонымен қатар күзде тапсырылатын бұл алаңның екі жағына жас талдар егілетінін жеткізді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521