Тылда тынбай еңбек еткен

(0 Votes)

Миллиондаған адамдардың тағдырын тәлкек еткен, балаларды жетім, аналарды жесір атандырған, 1418 күнмен түнге созылған екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 75 жыл толып отыр.

Бұл аға ұрпақтың ұмытылмас ерлігін есімізде сақтайтын ең қастерлі мереке. Жеңіс жолында халқымыздың мыңдаған ұл-қыздары құрбан болды, еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін тыл жұмыстарын атқарды. Соғыстың зардабын, қайғы-қасіретін жазып та, айтып та тауысу мүмкін емес. Әңгімемізге арқау болған Халиса Абдоллақызы 1924 жылы Астрахань облысында дүниеге келген. 1939 ж комсомол қатарына өтіп, 1940 жылы жеті жылдық мектепті аяқтап, Астрахань педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Сұрапыл соғыс басталған уақытта ІІ курста оқып жүрген өрімдей жас қыз тылдағы жұмыстарға араласып, 1943 жылы Сталинградты қалпына келтіруге қатысады. Бомба түсіп қираған үйлерді тазалайды, күнделікті жұмыс нормасын артығымен орындап алғыс алады. Елге оралғаннан кейін 1948 жылға дейін аудан мектептерінде орыс тілінен сабақ береді. 1948-1952 жылдары Халиса Абдоллақызы Құрманғазы (Теңіз) аудандық партия комитетінде нұсқаушы, бөліммеңгерушісі болып абыройлы қызмет атқарады. Жұмыстағы алғырлығы мен ұйымдастырушылық қабілетін ескеріп, 1952 жылы облыстық (Гурьев) комсомол комитетінің 1-хатшылығына сайланады. Соғыстан кейінгі қиындықта жастардың жігерін қайрап, шаруашылық жұмыстарды қалпына келтіруде еселі еңбек етіп, мәдени көпшілік шараларды басқаруға белсенділік танытты.

Қазақстан комсомолының VІ, компартиясының XI съездеріне делегат болып сайланды.

Бала кезден басталған қиындықтардан, соғыс кезіндегі ауыр жұмыстардан денсаулығы сыр беріп 1954 жылы мүгедектігіне байланысты зейнеткерлікке шығады. 1958 жылы Халиса Абдоллақызы механизаторлар мөлтек ауданында ашылған «Каспий» бастауыш мектебінің алғашқы меңгерушісі болды. Бүгінде осы мектеп оқушысы Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектеп жаңа типте салынған алдыңғы қатардағы білім ошақтарының бірі.

Халиса Абдоллақызы 1972 жылы Астрахань мемлекеттік педагоикалық оқу орнын сырттай оқып бітірген, аудан мектептерінде орыс тілімен әдебиетінен дәріс береді. 1981 жылы құрметті демалысқа шықты. Еңбек жолында алған құрмет грамоталары мен мақтаулары, «қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісімен бірнеше атаулы медальдары бар. 2010 жылы оған «Құрманғазы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді. Апайөзінің өмірлік серігі елге танымал, балық өнеркәсібінің еңбек сіңірген қызметкері Мажит Қадыровпен жарасымды ғұмыр кешті. Ұл-қыздарын тәрбиелеп, немерелерін қызықтады, 2014 жылы 90 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Ж.Құрманғалиқызы,

тыл ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT