Б.Бегалиев атындағы орта мектепте жалпы білім беретін мектептер оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы өтті. Конкурстың негізгі мақсаты – қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдеби шығармаларды оқуға қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасын меңгертіп, интеллектуалды пайым-парасатын арттыру.
Аталған конкурс үш кезеңнен, «Өлең менің Шолпаным, Айым, Күнім» – тақырыбында Мағжан шығармаларын мәнерлеп жатқа оқу, «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» – атты ғылыми жоба жұмысын қорғау, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» – жас дарындар номинациясынан тұрды.
«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының нәтижесімен ақын шығармаларын мәнерлеп жатқа оқудан І орынды Гагарин орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қадыр Абылай (53 өлеңін жаттаған) иеленді. ІІ орынды 8 және 10 сынып оқушылары Ғаділбек Қайрат (Қадыр Мырза Әлі) мен Ерсайынова Жұлдыз (Ф.Оңғарсынова) алды. Асылбек Іңкәрім (Абай), Сұлтан Еркінұлы (Б.Беглиев) ІІІ орыннан көрінді. Ғаифолла Іңкәр (Нұржау), Жасталап Ерсұлтан (Ә.Сәрсенбаев) Алғыс хатқа лайық деп танылды. Ғылыми жоба бойынша Насиполла Ханзада (Сүйіндік) бірінші, Ғайнолла Ержан (Бегалиев) екінші, Самат Амирхан (Қадыр Мырза Али), Берікқызы Хадиша (Абай) үшінші орын алып, Қайырбекова Айша (Ф.Оңғарсынова) Алғыс хатпен марапатталды. «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» кезеңінде белгіленген уақыт ішінде «Мен жастарға сенемін» тақырыбында өлең шығарған Қадырова Ырзагүл (Имашев) І орын иеленсе, ІІ және ІІІ орынды Закир Тұрар (Ә.Сәрсенбаев) мен Құзайырова Мадина (Б.Бегалиев) еншіледі. Конкурсты әділқазылар алқасының төрайымы Айжамал Арыстанова қорытындылап, дайындық пен қатысқа лайықты бағасын берді.
Қанат ҒҰМАРОВ