Аудан әкімдігінде 2022 жылы ауыл шаруашылығы бойынша атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда тұрған жұмыстарды нақтылаған ауқымды жиын өтті.
Оған аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Болат Жүгінісов, дербес бөлімдер мен басқармалар басшылары, округ әкімдері, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Ғаділханұлы «Құрманғазы СДО» ЖШС басшысы Біржан Кенжебаев, «Каспий-Балық» ӨК төрағасы Жұмажан Шакуповке Елордамызда жәрмеңке ұйымдастырғаны үшін Астана қаласы әкімінің, шаруа қожалығы басшылары Уазих Дәулетов пен Айбек Аманжоловқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Үмбет Жанқановқа облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.
А. Шакупова