Құрметті Құрманғазылықтар!
Баршаңызды 1 шілде - Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Домбыра- қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра»-деп Қадыр ақын айтқандай, домбыра десе «қазақ халқы» деп айтып тұрғандай естіледі.
Төрт мың жылдай тарихы бар домбыраның қоңыр үні кім-кімді де тамсандырмай қоймайды. Бүгінде ол өзінің ерекшелігімен Гиннес рекордтар кітабына еніп, ЮНЕСКА-ның сертификатын алып үлгерді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығымен «1 шілде - Ұлттық домбыра күні» деп белгіленіп, қазақ халқының жан серігі, рухани азығы болып келген киелі домбыра күні биыл үшінші жыл елімізде кеңінен тойланып келеді. Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртуға бағытталған айтулы мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені белгілі.
Құрманғазы, Тәттәмбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір сынды бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерін жандандыруда да бұл күннің алар орны ерекше.
Ұлттық домбыра күні - Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі.
Баршаңызды тағы да Ұлттық Домбыра күнімен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.
Құрметпен, аудан әкімі Қ.Нұртаев