Мақсат – тараптарды татуластыру

(0 Votes)

Бүгінгі таңда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай медиация дауды шешудің заманауи тәсілі ретінде оң нәтижесін көрсетіп келеді. Жанжалды шешудің балама тәсіліне еңбек, отбасы, адам құқықтарыны ң сақталмауы сияқты мәселелер бойынша жүгіне алатынын бірі білсе, бірі білмес. Медиаторлар кімдер, олардың қоғамға қандай пайдасы бар?

k

k

Осы бағытта аудандық орталықтандырылған кітапханада аудандық аналар кеңесі және аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Медиациялық қызмет, оны ұйымдастыру жолдары» тақырыбында тренинг өтті. Оның мақсаты – ауданда кәсіби емес медиаторларға медиативті құзіреттілікті түсіндіру, жергілікті жерде медиация жұмысының әрі қарай дамуына ықпал етіп, әлеуметтік және құқықтық келіспеушілікті болдырмау бағытындағы медиаторлардың міндетті жұмыстары туралы ақпараттар беру.

k

Тренингке топтың жұмысын бағалау үшін адвокат, заңгер Ұлмекен Сапарова, аудандық соттың жетекші маманы Гүлшара Таңатарова, аудандық кітапхананың директоры Анар Мусина сынды сарапшылар қатысты.  Үш топта кәсіби емес медиаторлар, аудандық, ауылдық билер кеңесінің, әр түрлі қоғамдық ұйымдардың мүшелері, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағаларынан құралған командалар алдымен «Жедел жауап» бөлімінде тренингті жүргізуші Абай атындағы жалпы орта мектептің психологі  Гүлмира Үмбетованың қойған сұрақтарына жауап қайтарды. Негізгі бөлімге оралмас бұрын «Жаңғақтар» жаттығуы сәтті жүзеге асты. «Медиатордың тараптармен жұмысы» бағытында ұйымдастырылған топтық жұмыста қатысушылар отбасылық, еңбек, құжаттар толтыру жөнінде дау-дамайлардың қалай шешімі табылатынын жан-жақты айтып түсіндірді. Бұл тұрғыда қосымша сарапшылардың да пікірлері тыңдалды. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қоғам белсенділерімен кері байланысқа шығып, тренингті қорытындылады.   

k

Айнагүл Шакупова           

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT