Мақсат - түзу жолға түсіру

(0 Votes)

Пробация қызметі гуманизм тұтқаларын қолдана отырып, сотталған тұлғамен танысу барысында тәрбиешінің өзіндік рөлін орындайды.

Он бес күн өткеннен кейін, сот үкімі заңды күшіне енгендіктен және азаматқа бас бостандығынан айырусыз жаза тағайындалғандықтан, ол біздің бөлімге келеді. Содан кейін пробация қызметінің инспекторлары сотталушыны бақылау есебіне тіркейді, соттылығы туралы барлық мәліметтерді республикалық мәліметтер базасына енгізеді, онымен түсіндерме жұмыстарын жүргізіп, міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді.

Егерде тұрақты табысы болмаса, оны одан әрі жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту бөліміне жолдап, жұмысқа түбегейлі орналасуына әрекет жасайды.

Құрманғазы аудандық пробация қызметі бөлімінің бақылауынан жасырынған сотталғандарды, олар өздерінің орналасқан жері туралы хабарламаған, өздерінің міндеттерін орындамай, бақылаудан қасақана жалтарған тұлғаларға қатысты аудандық сотқа соттылғын ұзарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасының өтелмеген бөлігін айыру жазасына ауыстыруға құжаттар жолданады.

 

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті

Құрманғазы аудандық Пробация қызметі бөлімінің

инспекторы әділет аға лейтенанты

А.Т.Қойшыбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521