Мал екеш мал әрине, қашан да өзіне тән қылықтарын көрсетеді.
Бүгінде ауыл ішін рахаттана серуен салып жүрген төрт түлік көбейіп кетті. Жай ғана жүрсе, ештеңе емес, тіптен еркінсіп біреудің ауласында өсіп тұрған терегінің бұтақтарын сындырып жеп қарнын тойдырады.
Суреттегі күйісін қайырып тұрған түйені қусаң да тапырақтап қашпай, міз бақпай орнында тұр. Мұндай көріністі жиі кездестіруге болады.
Одан қалса, малдар қоқыс жәшігінің маңын жағалайды. Міне, осылайша иесі қараусыз қалдырған көше малдары аяныш сезіміңді оятады.
Бұрын ата-бабамыз төрт-түлігін таңмен өріске шығарып, алаңсыз айдалада бағып, ит-құстан аулақ болуы үшін оның қасынан қалмаушы еді. «Мал баққан соң, оның бабын да тапқан дұрыс» демекші, бұл әдістен бүгінгілер сабақ алса ғой.
А.Шакупова