Мақаш ауылдық округ әкімі аппараты 2021 жылдың І жартыжылдығына баспасөзге жазылу науқаны кезінде округ бойынша аудандық «Серпер» газетіне жазылу 280 дана болып жоспарланса, күні бүгін 281 дана етіп орындағанымызды хабарлаймыз.
Баспасөзге жаздыруда демеушілік көрсеткен төмендегі мекемелер мен азаматтарды атап көрсеткіміз келеді: Бюджеттік мекемелер, (Ә.Сәрсенбаев жалпы орта мектебі, «Ақмарал» бөбекжай балабақшасы, «Шабыт» ауылдық мәдениет үйі, Алға дәрігерлік амбулаториясы, №80 бастауыш мектеп), «Мақаш» өндірістік кооперативі (директоры Ж.Абулхайыров), «ТөбеАралОйл» ЖШС (директоры Н.Хамитов), «Құрманғазы СДО» ЖШС (директоры Б.Кенжебаев), Алға пошта бөлімшесі (меңгерушісі К.Ахметова), шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпкерлер (С.Жалғас, Ғ.Өтешов, Г.Баритова, Ж.Жүнісов, Е.Құбашов, Г.Қуанова, Ө.Ахметов, Г.Нарынбаева, Е.Ильясов, Р.Құспанова).
Б.Мұфтахов, округ әкімі