Мақаш ауылдық округінің хал-ахуалымен танысты

(1 Vote)

Аудан әкімі Марат Мурзиев Мақаш, Еңбекші ауылдық округіндегі әлеуметтік нысандарды аралап, жағдайымен танысты.

Ауданымыздың жаңа басшысына Мақаш ауылдық округінің әкімі Бауыржан Кадыров алдымен «Алға-Дәулеткерей» тас жолындағы Достық арнасын көрсетті. Шарон өзенінен басталып, Мақаш ауылдық округін басып өтетін арна қазіргі уақытта таязданып қалған. Бұл жерге бас сұққан аудан басшысы шешімін күткен қандай мәселелері барын сұрады. «Шабыт» ауылдық мәдениет үйіне барған аудан әкімін директоры Нәсіп Жұмағұлова қарсы алып, мәдениет үйінің күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырды.

makash

1974 жылы салынған ғимаратқа 2014 жылы соңғы рет жөндеу жүргізілген. Кітапхана, сахна залын аралап көрген Марат Бисенғалиұлына Нәсіп Жұмағұлова «Алға» халық театрына автобус қажеттігін алға тартты.

makash1

«Алға» дәрігерлік емханасының дәрігері Жарқын Әбілқайыров тұрғындарға күндізгі стационар қызметін көрсетуде амбулаторияның тарлық ететінін, бөлмелер жетіспейтінін жеткізді. Онымен қоса, бұл ғимарат типтік негіздегі емхана еместігін де қаперге берді. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева бұл округте 33 адам коронавируспен ауырғанын, бәрі де орталықтағы стационарда жатып емделгенін, өкінішке орай, 1 тұрғын дерттен көз жұмғанын тілге тиек етті. Жергілікті халыққа зертханалық  лаборатория да медициналық қызмет көрсететіндігінен хабардар етті. Айтылған ұсыныстарды зейін қоя тыңдаған аудан басшысы М.Мурзиев бәрі кезең-кезеңімен орындалатынын, бірінші кезекте шешілетін мәселелердің жоспары жасалатынын айтты.

makash2

Одан әрі «Мақаш» өндірістік кооперативіне барған лауазым өкілдеріне, бастығы Жеңіс Әбілқайыров негізінен асыл тұқымды қой өсірумен айналысатын шаруашылықтың өткені мен бүгінін саралап, мемлекет тарапынан көмектер алып келетініне, 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырғанына тоқталды. Ауылдық ардагерлер ұйымының бөлмесі мен мұражайдың да жұмысы таныстырылды. Сыйымдылығы 624 балаға арналған Әбу Сәрсенбаев жалпы орта мектебінде қазіргі таңда 456 оқушы білім алуда. Ғимаратқа 2014 жылы соңғы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудан әкімі М.Мурзиев мектеп асханасымен, оқушыларды тамақтандыру жағдайымен танысып, информатика, робототехника, алғашқы әскери дайындық сыныптарын аралады. Өзінің ұсыныстарымен қоса, кейбір сын-ескертпелерінің ескерусіз қалмауын аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаеваға тапсырды.

makash3

Бұдан кейін «Ақмарал» балабақшасы, Алға пошта бөлімшесі, Мақаш ауылдық округі әкімі аппаратының жай-күйімен танысты. Алға ауылішілік жолдарын асфальттау да – тұрғындардың өтініші. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын жолдың жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау, Қаракөл, Көкарна елді мекендерінің маңындағы арналарды тереңдету жұмыстарына қаржы бөлу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Аталмыш елді мекендерге интернет желісін тарту және Афанасьев бекетіне мобильдік таратқыш қондырғы орнату – жергілікті тұрғындардың ортақ тілегі.

makash8

Афанасьев бекетінде болған аудан әкімі кірме жолдың күрелмегенін, су тазарту имараттың талапқа сай жұмыс жасап отырмағанын сынға алып, өзінің орынбасары Ж.Хасановқа округ әкіміне бұл мәселелердің тез арада шешілу жолдарын қарастыруды міндеттеді.

 

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521