МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраев, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Петр Шарапаев ауданымызда болып, құрылыс нысандарын аралады.

Депутаттарды аудан әкімі Қайрат Нұртаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, «Сине Мидас строй» ЖШС учаске басшысы Алзада Абилов БАҚ өкілдерімен бірге қарсылады.

Салынып жатырған «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автокөлік жолының 7 бекет тұсындағы бөлігіне барған Бейбіт Мамраев мердігер мекеме өкілінен құрылысқа қанша техника жұмылдырылғанын, бұған дейін қай жерлерде жұмыс жасағанын сұрады. Бір облыста салынған жол құрылысы сапасыз шыққанына өзі куә болғанын айтып, ондайға енді жол берілмеуі қажеттігін ескертті. Бұл автожол қанша жылға дейін жөндеусіз шыдайтынына қызығушылық танытты. Сұрақтарға жауап берген «Сине Мидас строй» ЖШС учаске басшысы Алзада Абилов жол біткеннен кейін де 12-15 жылға дейін осы қалпында тұратынын айтты.

img_2679

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев қосымша түсінік беріп, мердігерге жол құрылысының 12 көпірі бар, оның 7-сі жаңадан салынып, 5-еуі жөнделетін ең қиын жері тисе де жұмыс қарқынды жүріп жатқанына тоқталып, карьер мен су мәселесін шешіп беріп отырғандарын жеткізді. Мәжіліс депутаттары одан әрі үш шағын зауыт, зертхана, офис, жұмысшыларға арналған баспаналар, асхана және басқа да ғимараттар орналасқан мердігер мекеме қалашығына ат басын бұрды. Осында «Сине Мидас строй» ЖШС-нің аудандық филиалы басшысы Түрік Республикасының азаматы Ерхан Қарадаг карта арқылы көрсетіп, жасалып жатқан жол жұмыстарының барысынан хабардар етті. Мәжіліс депутаттары Б.Мамыраев пен П.Шарапаев тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

img_2695

Ауданымызға сапары барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Бейбіт Мамраев пен Петр Шарапаев жаңадан салынып жатқан 75 орындық аурухана құрылысында болды. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиевамен әңгімесінде Мәжіліс депутаты Б.Мамраев: – Сіздерде фармоколог маман бар ма? Ауырып денсаулығын тексеруден өткізген адамға әр дәрігер түрлі дәрілермен ем тағайындайды. Фармоколог қайсысын ішуі керектігін түсіндіреді. Кеше Атырау қаласы тұрғындарын қабылдағанымда олар Сарайшықтағы психикалық ауруға шалдыққандарды емдейтін орын толықпыз деп апарған адамдарды алмай жатқанын жеткізді. Бұл мәселе сіздерде бар ма? Ертең ауруханының ескі ғимараты босаған соң мүмкін мұндай орынды ауданнан ашу керек шығар. Жаңа құрылыс жұмыстарының өз деңгейінде жүріп жатқанын естідік. Қоғам болып мұны бақылауымыз керек. Мамандар тапшы екенін түсінеміз. Қазір грантпен білім алып, жеке клиникаларда жұмыс жасайтындардан төленген оқу ақысын қайтаруды талап етіп отырмыз. Жалпы еліміз бойынша онкологиялық аурулардың да түрлері көбейіп келеді. Мұның да мамандары тапшы. Бізде оны 3-4 сатысында айырады. Дәрігерлер заманауи үлгідегі құралдармен жұмыс жасай алмайды. Жақында денсаулық саласы бойынша заң қабылдаймыз. Оны жасаушылардың ішінде мен де бармын. Соған орай жергілікті жерлерде қандай мәселелер, ұсыныстар бар соны зерделеу мақсатымен аралап жүрміз, - деп жаңа аурухананың заманауи құрал-жабдықтармен қамтылу барысын сұрады.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлсара Мүтиева бұл жағынан ешқандай мәселе туындап отырмағанын айтып, өңірімізде әлі кейбір дәрігер мамандардың тапшы екенін жеткізді. Өз ұсыныстарын ортаға салды. Соңында Мәжіліс депутаттары құрылыс жұмысына сәттілік тіледі.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT