Қазір мұз толық қата қойған жоқ, әлі осал. Қайғылы жағдай орын алмас үшін оның бетіне шыққанда сақтық шараларын ескерген жөн.
Ағымдағы жылдың 16-19 желтоқсанында Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балық аулау құралдарын сататын дүкендерге мұздағы қауіпсіздікті сақтау бойынша рейдтер өткізді. Рейд барысында қауіпсізді ережелері түсіндірілді. Сондай-ақ, елді мекеннің халық көп жиналатын орындарына жадынамалар орналастырылды.
Сонымен қатар, интернет, әлеуметтік желілер мен «Facebook», «Whatsapp» мессенджерлері арқылы аудан тұрғындары үшін тұрақты негізде қауіпсіздік шаралары туралы бейнероликтер мен нұсқаулықтар таратылады.


А.Алибекова
Құрманғазы ауданының ТЖБ-нің бас маманы,
азаматтық қорғау подполковнигі