Мұз үстіндегі сайыс

(5 Votes)

Биылғы қаңтар айы ауданымыздағы қысқы спорт түрімен айналысатын спортшыларымызға қарасып-ақ тұр.

Мұз бекіп, беттен алар аяз, қар боратқан жел, ұйытқыған боран жоқ. Ақ мамықтай ұлпа қарын себелеген тып-тымық қыс. Жыл басталғалы бірнеше мәрте шайбалы хоккейден жарыс өткен болатын. Олардың бәрінде де қатысушы командалар өздерінің  дайындықтарын тексерді. Қандай дегенмен де хоккейшілеріміз мұз үстіне шықпағалы біраз уақыт өтті ғой. Енді, міне, шыңдалған шеберліктерін көрсететін сын сағаты да соқты.

khokkej-anat-aa-3

«Экстремизм және терроризмге қарсы» атты  тақырыбымен өткен ерлер арасында шайбалы хоккейден өткен аудандық турнирде бес бірдей команда мұз айдынында кездесті. Олар «РТС», «Жастар», «Ардагерлер», «Орлы» , «Шортанбай»  командалары. Жарыс екі күнге созылды. Алғашқы күні Орлы аулында бақ сынаған командалар, келесі күні Жапырық ауылы үстіндегі көк мұзда турнирді жалғастырды.

khokkej-anat-aa-2

Турнир нәтижесімен алдына ешкімді шығармаған «Жастар» командасы І орынды жеңіп алды. Үлкейсе де қарымы қайтпаған «Ардагерлер» командасы ІІ орынды қанағат тұтты. ІІІ орын «РТС» командасына тиді. «Шортанбай», «Орлы» хоккейшілері «Жеңіске деген жігері үшін», «Белсенді қатысқаны үшін» аталымдарын иеленді.

Сондай-ақ осы жарыста Али Тасқайыров («Жастар» командасының ойыншысы) – «Үздік ойыншы», Тілекқабыл Шамашев («Ардагерле»р командасының қақпашысы) – «Үздік қақпашы», Амантай Мендалиев («РТС» командасының ойыншысы) – «Ең жасы үлкен ойыншы» атанды.

khokkej-anat-aa-4

Жарыс аяқталған соң аудан әкімі Қайрат Талапұлы турнирді қорытындылап, ауданымыздың командасы бірнеше жыл қатарынан облыста да жеңімпаз атанып жүргеніне тоқталды. Спортшыларға алдағы күндерде жеңісті күндер тілеп, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алмас Мұқашевпен бірге жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аталған бөлім атынан Кубок, диплом, медальдар және сыйлықтар табыс етті.

khokkej-anat-aa

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521