Мұз үстіндегі қауіпсіздік

(1 Vote)

Күн суытып, ауа температурасы төмендеген сайын өзендердің бетін мұз баса бастайды.

Әрбір адам мұз үстінде жүргенде және балық аулауға шығу кезінде төтенше жағдайға тап болуы мүмкін. Қыс мезгілінде табиғат адамға аяушылық жасамайды.Сондықтан да мұз үстінде төмендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтайық:

– Мұз үстіне қас қарайған шақта және ауа-райы қолайсыз кезде(тұман,қар,жаңбыр) мүлдем шықпаңыз.

– Өзеннің арғы бетіне шықпақ ойыныз болса, өткелмен өтіңіз. Бұл әлдеқайда қауіпсіз.

– Мұздан өтерде, осыған дейінгі салынған әдеттегі ізбен жүріңіз, егер ондай із болмаса, айналанызға мұқият қарап, жететін орныңызды жете біліп алыныз.

– Топ болып, мұздан өтетін болсаңыздар, мұзға аса қатты салмақ түсірмеу үшін 5-6 метрдей болатын бір-біріңіздің арақашықтықтарыңызды сақтап жүріңіздер.

– Егер сөмке асынсаңыз, тек бір жақ иығыңызға ғана асып жүріңіз. Бұл қауіп кезінде тастай салуға ыңғайлы болмақ.

– Ата-аналарға үлкен ескерту: балаларыңызды мұзға (балық аулауға, шана немесе шаңғы тебуге) қараусыз жібермеңіз.

Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді: күз бен қыста, боран мен қардан кейін мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағысты өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажет.

Ғ.Құрманов,

Құрманғазы ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT