М.Әуезов мектебінің командасы жеңіске жетті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №7 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Құрманғазы ауылы Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің спорттық базасында Құрманғазы ауданындағы жалпы білім беретін мектептер арасында «Жас құтқарушы» сайысы өткізілді.

Аталған шараға аудан көлеміндегі Абай, М.Ломоносов, Аққөл, Б.Бегалиев, Н.Манаев, С.Мұқанов, М.Әуезов, Еңбекші және Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектептерінен құрылған 9 команда қатысты.

 

Жарыс 4 кезеңнен тұрды:

1) «Өрт сөндіру эстафетасы» жарысы;

2) «Алғашқы медициналық көмек көрсету» байқауы;

3) «Жауынгерлік киім кию» жарысы;

4) ӨҚД бойынша № 36 нормативті орындау (жауынгерлік өрістету) сайысы.

«Жас құтқарушы» сайысының қатысушыларына сайыс алдында жарыс ережелері таныстырылды. Сайыс барысында әр бір команда өзінің біліктілігін жылдамдықпен ұштастырып жарысқа белсене қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі 1 орынға; Ломоносов атындағы жалпы орта мектебі 2 орынға; С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі 3 орынға ие болды.

Жарыс барысында тапсырмаларды өз деңгейінде орындап, жарыста жеңімпаз болған командалар кубокпен дипломмен және әртүрлі сыйлықтармен марапатталды. Сайыс жеңімпазы болған М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің командасы облыстық «Жас құтқарушы» сайысына жолдаманы жеңіп алды.

Қорытындысында оқушылар жалпы төтенше жағдай кезінде қалай іс-әрекет ету керектігін үйренгендіктерін, еңді өздері нағыз құтқарушылар сияқты зардап шегушілерге жедел көмек көрсете алатындықтарын айтты.

Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT