М.Әуезов мектебінде - жаңа директор

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі КММ-нің директоры болып Құбашева Гаухар Мәжитқызы тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжымға аудандық білім бөлімінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №217 бұйрығы бойынша бөлім басшысы Құбаева Гүлфара Өтемісқызы таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Құбашева Гаухар Мәжитқызы 1973 жылы 4 қыркүйекте Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Дәшін ауылдық округінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін "бастауыш сынып мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.

2008 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты. Осы лауазымды қазіргі уақытқа дейін атқарып келді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT