Аудандық мәслихат өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының талаптарына сәйкес іске асырады.
Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес 2023 жылғы 30 наурызда мәслихаттардың VIII шақырылым депутаттарының сайлауы өтті. Осы сайлау нәтижесінде Құрманғазы аудандық мәслихатына «AMANAT» партиясынан - 8, «Ақ Жол» Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1, «Қазақстан Халық партиясынан» - 1, «Ауыл» партиясынан - 1, өзін-өзі ұсынушылар - 2 орынға депутат ұсыну құқығына ие болды. Қазіргі жұмыс жасап отырған 13 депутаттың 3-еуі әйел, 4-еуі жастардың өкілі. Барлығы да жоғары білімді, егеменді еліміздің ертеңі үшін әртүрлі салада табысты еңбек етіп жүрген белсенді азаматтар.
VІІІ сайланған аудандық мәслихаттың алғашқы ұйымдастыру сессиясында мәслихат төрағасы сайланып, экономика, салық және бюджет саясаты жөніндегі тұрақты комиссия (төрағасы Г.Хасанова) және әлеуметтік сала, жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық және депутаттық этика мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы (төрағасы Е.Хисметуллин) құрылды.
Аудандық мәслихаттың жұмыс жоспары жасақталып, мәслихаттың сессияларында ауданның элеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер талқыланып, шешімдер алынды. Есепті кезеңде өткен мәслихат сессияларында 32 шешім қабылданып, мемлекеттік тіркеуге жататын 4 шешім Әділет департаментінен тіркеліп, 6 шешім нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланды.
Мәслихат аппаратының негізгі қызметі – ауданның өкілді органының жұмысын үйлестіру, депутаттардың өкілеттіктерін жүзеге асуына жәрдемдесу, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету және олардың сайлаушылармен кездесулерін ұйымдастыру, депутаттық сауалдарын тиісті органдарға жолдап, олардың орындалуын бақылауда ұстау болып табылады. Мәслихат аппараты мәслихат сессиясында қаралатын мәселелерге байланысты жергілікті атқарушы органдарға хат жолдап, сессия материалдарының сапалы дайындалуын басты назарда ұстап келеді.
Атап айтатын болсақ 2023 жылдың 6 айында мәслихат депутаттарының тарапынан аудан тұрғындары үшін өзекті болып табылатын мәселелер жөнінде құзырлы органдарға 8 депутаттық сауалдар жолданды.
Сонымен қатар аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыруымен депутаттарға құқықтық оқулар өткізіліп, жаңадан сайланған депутаттарға мәслихаттың құзыреттері, депутаттардың құқықтары мен міндеттері туралы түсінік берілді. Аудандық мәслихаттың өкілеттігін іске асыру мақсатында аппарат қызметкерлері депутаттардың қоғамдық қабылдау кестесін, сайлаушылармен кездесу кестелерін жасақтап, өкілді органмен халық арасындағы байланысты дамыту бағытында да жұмыстанып келеді.
Қабылдауға келген тұрғындардың ұсыныс пікірлері негізінде тиісті мемлекеттік органдарға және мекемелерге хат жолданып, көрсетілген мәселелердің шешімін табуға ықпал ету мәслихат аппараты жұмысының бір бөлігі болып табылады. Алдағы уақытта да халықтың сенімінен шығу – мәслихаттың басты мақсаты деп түсінеміз.
Б.Абдулова,
Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және
құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман заң-кеңесшісі