Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов жұбайы Алма Жүгінісовамен Құрманғазы ауылдық округіндегі 175 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
- Конституциялық реформа қоғамды демократияландырудың шынайы көрінісі болмақ. Бұл өзгерістер ел-жұрттың сұранысына сай енгізілмек. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың супер президенттік басқарудан парламенті күшті елге көшеміз деген бастамасы әр адамның көңілінен шықты деп ойлаймын. Барлық құрманғазылықтарды бүгінгі шараға атсалысып, референдумге шақырамын. "Менсіз-ақ шешіледі ғой" деген ойдан аулақ болайық. Барлығының да дауысы маңызды деп ойлаймын,-дейді аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов.