Құрманғазыда мәртебелі мейрам қалай тойланады?

(0 Votes)

Ауданда Республика күніне орай өтетін басты салтанатты шара С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде, барлық ауылдық округтердің клубтарында жоспарланған. Осы күні түрлі концерттік шаралар ұйымдастырылады.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанованың айтуынша, Ұлттық мереке ретінде тойланатын Республика күніне орай өңірде түрлі мәдени іс-шаралар басталып кеткен. Мысалы, 17 қазанда«Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында өз елі туралы түрлі жанрдағы және стильдегі үздік шығармалар бойынша шығармашылық байқаулар ұйымдастырылып,  «Республикам алға жетелейді» тақырыбында оқушылар арасында патриоттық шығармаларды жатқа оқу челлендж  ретінде өзге ауылдарда жалғасын табуда. Одан бөлек, аудандағы этностар арасында (мемлекеттік тілді еркін меңгерген және белсенді өзге ұлт өкілдері арасында) патриоттық өлең шумақтарын айту челленджі жүзеге асуда. Сонымен қатар, «Жаңа Қазақстан. Таза табиғат» атауымен жаппай қоршаған ортаны тазарту, көшет отырғызу, т.б. экологиялық акция өткізілуде.

– 25 қазанда «Егемен елім, кең байтақ жерім – бабаларым аңсаған» атты  басты салтанатты шара өтеді. Одан бөлек, осы күні аудан әкімінің қатысуымен орталық алаңдарда Мемлекеттік туды салтанатты көтеру рәсімін өткізу, «Қыран елім – Қазақстаным!» патриоттық акциясын қолдау мақсатында аудан, округтер орталықтарында Мемлекеттік Әнұранның жаппай орындалуы, орталық саябақта жастарға арналған жаппай серуендер ұйымдастырылады, – дейді Зияда Сәдуақасқызы.

Ұлттық мерекені тойлау 22 қазанда кіші аяқ добынан, стритболдан, күзгі кросс марафонымен жалғасады.

Республика күні қарсаңында волонтерлік, қайырымдылық және ерікті ұйымдар арқылы азаматтардың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін жергілікті бизнес-қоғамдастықтарды, демеушілерді, меценаттарды тарта отырып,  «Жанашыр Жүрек» халықтық акциясы, «Мен елімнің ертеңіне сенемін!» атты танымдық кеш, «Қоғам жастар көзқарасымен» атты жастар арасында дебат, «Қазақстан-Республикам менің!» тақырыбында кітап көрмесі, «Жарқыра, жаса, Республикам менің!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі. Одан бөлек, облыс өңірлерінің орталық саябақтарында, мәдениет үйлерінде мерекелік концерттер өтеді. Мерекеге орайластырылған спорттық шаралар, шығармашылық кештер, патриоттық, экологиялық челлендждер, қайырымдылық акциялары да назардан тыс қалмаған.

Бөлім басшысы бұл шаралардың барлығы өскелең ұрпақтың бойында туған еліне, жеріне деген махаббатты сіңіріп, патриоттық сезімді тәрбиелеуге көмектесетінін айтады.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT