Мұражайға саяхат

(0 Votes)

«Құрманғазы аудандық жас туристер бекеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспарына сай 25 қазан күні өлкетану үйірмесінің жетекшісі Базарбаев Кенжетай Исатайұлы үйірме оқушыларын бастап Құрманғазы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына саяхат жасады.

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайының маманы Шатанова Назгүл Наланқызы мұражайдың өлкетану, этномәдениет және ауданымыздың танымал адамдарына арналған залдарына жеке-жеке тоқталды. Қазіргі заманауи 3D модельдеу экраны арқылы мұражайдағы ескі жәдігерлердің үш өлшемді нысандарын көрдік. Өлкемізден табылған ескі жәдігерлерді тамашаладық.

1a2afc59-4d0b-4970-94d2-2697878e7e93

Ауданымыздың атқару жұмыстарында, балық кәсіпшілігінде, Ұлы Отан соғысына қатынасқан, педагогика, медицина, спорт саласында және кәсіпкерлік мекемелерде аянбай еңбек еткен, ұмытылмас ерлік жасаған жерлестеріміз туралы, өлкеміздегі ұлттық салт-дәстүрлер және көнеден қалған күміс, қола, жез сияқты металлдардан жасалған заттар легін көзбен көре отыра, өлкемізден шығып облысқа, республикаға,одан әрі әлемге танымал болған әр саладағы жерлес аға-апаларымыз туралы тыңғылықты мағлұматтар алынды. Ескінің көзі,тарихтың өзі дегендей, оқушылар өлке тарихына деген қызығушылықтарын танытып, жақсы әсерде саяхаттарын аяқтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521