Мұрабек Мұғалім - "Жылдың үздік ауыл әкімі" атты республикалық байқаудың жеңімпазы

(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Əділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауын мемлекеттік қызметкерлер арасында кеңінен насихаттау мақсатында Елордамыз Астана қаласында ұйымдастырылған "Жаңа Қазақстан: Елімңздің өңірлік даму мəселелері мен перспективалары" атты республикалық конференциясы өтті.

Конференцияға Құрманғазы ауданына қарасты ауылдық округ әкімдері қатысуға мүмкіндік алды. Солардың ішінде Нұржау ауылдық округінің əкімі, тәжірибелі мемлекеттік қызметкер Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы еліміздің əлеуметтік жəне экономикалық дамуына жəне ауылды дамытуда атқарған көп жылғы еңбегі үшін "ҚР үздік ауыл əкімі" төсбелгісімен марапатталып, ауыл əкімдерінің энциклопедиясына фотосуреті мен қысқаша өмірбаяны енді.

Сонымен қатар, Мұрабек Рифхатұлы "Жылдың үздік ауыл әкімі " республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT