Мұның бәрі уақытша жағдай

(0 Votes)

Әлеуметтік желілерден 31 шілдеге келетін Құрбан айт мейрамы ел аумағында әлемдік пандемияға орай карантиндік шаралар күшейтілу себепті онлайн-режимде өтетінін естіп, біліп жатырмыз.

«Басқа түссе баспақшыл» дегендей, бұған да көнбеске амалымыз жоқтай. Қазіргі уақытта қауіпті індеттің таралуы әлі толықтай ауыздықталған жоқ. Бұрынғыдай құрбан шалып, үй аралап айттап кетсек мемлекеттік деңгейде шектеулер қойып, карантин жариялап жатқан алдын алу жұмыстарының өз күткен нәтижесін бермей қоятынын жақсы түсінеміз.

Елімізде карантин 2 тамызға дейін жалғасатыны белгілі, демек биылғы жылдың Құрбан айты қашықтықтан онлайн тойланады, құрбандықта осылай шалынады. Әрине, бірінші рет кезігіп отырғандықтан түсініп, мойынсұнып кету қиын. Алайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жағдайды зерделеп, бірнеше жолдарын ұсынды. Qurban2020.kz сайты арқылы діни рәсімдерді қалай жасауға болатыны егжей-тегжейлі түсіндіріліп отыр. Онда көрсетілген өңіріңіз арқылы телефон нөміріңіз бен ата-тегіңізді көрсетіп, ұсынылған құрбандыққа шалатын малыңызды таңдай аласыз. Тиесілі ақысы да мобильді банктер арқылы төленеді. Осылай әрбір адам қайырымдылық та жасай алады. Барлығының бейнеесептері жүргізіледі, сіздің Алла жолындағы құрбандығыңыз, пітір-зекеттеріңіз ескерусіз қалмайды.

Мұның бәрі уақытша болып отырған жағдай. Елдегі індеттен құтылған соң бәрі орнына келеді. Ауру-сырқаудан аман болып, айт мейрамдарында дін-аман жолыққанша, ағайын! Құдайым ниет-тілектерімізді, құрбандығымызды қабыл етіп, байтағымызға бақ-береке нәсіп етсін, әумин!

Рахметолла ЖАНҒАЛИҰЛЫ,

Құрманғазы ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521