Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездестім.
Кездесу барысында Атырау облысының экономикалық - әлеуметтік дамуы, республика есебінен іске асырылып отырған жобалар, тұрғындармен көтерілген сұрақтар турасында әңгіме болды. Атырау - Астрахань автомобиль жолы, Жайық пен Қиғаш өзендерінің түбін тереңдету жұмыстарына қатысты менің депутаттық сұрауыма қолдау жасап көмек көрсеткені үшін Асқар Ұзақбайұлына рахмет айтып, тұрғындардың ризашылығын жеткіздім.
Сонымен бірге Азғыр өңірін дамыту Балқұдық-Қарабалы өткізу бекетінің мәртебесін өзгерту туралы ұсынысымды айттым. Бұл сұрақты Ресей Премьер-Министрімен тікелей қарап шешу жөніндегі ойымды білдірдім.
Үкімет Басшысы қабыл алды. Ел экономикасы үшін мүмкіндігі мол сала Балық шаруашылығы. Осы жылы менің ұсынысыма сәйкес Премьер - Министр Атырауда Үкіметтің көшпелі отырысын өткізген. Көп сұрақтар шешімін тапқан. Осы айда Үкімет бұл саланы тағы да қарады. Мен балық шаруашылығына қатысты дербес орган құру қажет деген пікірімді қайталадым. Премьер арнайы комитет құрамыз деді. Бұл қуанышты хабар.
Жалпы Қүрманғазы ауданында арнайы өзен түбін тереңдету және балық каналдарын тазалау жөніндегі мекеме құру қажет деп санаймын. Тағы бір мәселе Атырау облысынан алынатын қаржы мөлшері жөнінде. Осы жылы облыстан республикаға алынатын сома 207 млрд теңгенің үстінде. Келер жылы бұдан да көп. Бұл жерде облыстың қажеттілігін ескеріп, әділетті тұрғыдан қарау қажет. Бұдан басқа да сұрақтар көтерілді. Премьер-Министр қыркүйек айында Атырау облысына іс сапар жоспарлап отырғанын және бірге баруды ұсынды. Сол жерде Үкіметтің жауапты қызметкеріне тапсырма берді. Жол, өзен түбін тереңдету, шекара, балық шаруашылығы, облысқа қатысты басқа да мәселелер сол жерде тағы да пысықталатын болады.
Сәрсенбай Еңсегенов