М.Мурзиев: Рамазан - сансыз сауаптар айы

(1 Vote)

Баршаңызды он екі айдың сұлтаны, мүбәрак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан айы – күллі мұсылман қауымы үшін рухани тұрғыдан жаңару кезеңі. Адамдарды өзара сыйластық пен мейірімге, ізгілік пен кішіпейілділікке, бауырмалдылық пен кешірімділікке шақыратын, шынайы тақуалық пен сабырлыққа жетелейтін Ораза - рухтың азығы, тәннің шипасы. Адамзат баласын тура жолға бағыттайтын, ақиқат пен жалғанды, сауап пен күнә арасындағы парықты айқындап беретін қасиетті Құранда осы айда түсірілді. Сондықтан бұл айда оқылған Құран аяттарының сауабы, атқарған ізгі іс-амалдардың сауабы өзге айларға қарағанда еселеп артады. Олай болса, сындарлы сәтте бір-бірімізге жақсы сөз айтып, көмекке мұқтаж отбасыларға қайырымдылық жасап, мол сауап алуға асығайық! Өкінішке орай, әлемді жаулаған пандемияға байланысты, биыл да Рамазан айы күрделі кезеңде өткелі отыр. Сондықтан, барша жамағатты қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын мүлтіксіз орындауға шақырамын. Қасиетті Рамазан айында Алла тағаланың ізгілігі үшін жасаған құлшылықтарыңыз бен ұстаған Оразаларыңыз, тілеген тілектеріңіз, оқыған дұғаларыңыз, жасаған жақсы істеріңізді Алла тағала қабыл етіп, сауапқа жазғай!

Дендеріңізге саулық, отбасы амандығын тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521