Мүгедектер арбасының тегершігін тексер

(0 Votes)

Аудан әкімі Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен өткен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияда төрт мәселе қаралды.

Алғашқы болып аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Абдуррахман Муса 2018-2019 жылдың 6 айы ішінде атқарылған мемлекеттік қызметтер туралы хабарлама жасады. Хабарлама тыңдалғаннан кейін комиссия төрағасы Қайрат Нұртаев, мүшелері Маркс Мұстахишев, Әсел Дарғожина, Өркен Тәжібаев тарапынан қойылған сұрақтар электрондық қызмет, тұрғындар тарапынан бөлімге қанша ұсыныс-пікірлер, арыз-шағымдар түскені, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізу, мемлекеттік хал актілерінің мерзімінде орындалуы, мемлекеттік сатып алу бойынша арыздар, мүгедектерге берілетін арбаларды тасымалдау және т.б. жөнінде өрбіді.

– Мүгедектерді арбалармен қамтуды өзіміз жүзеге асырып отырмыз. ХҚКО-да оларды таситын көлік жоқ. Биыл демалыс орындарына 380 адамды жібергелі қамдану үстіндеміз. Оларға берілетін жолдамаға жататын орны, тамағы бәрі кіреді. Жол шығыны ғана өздерінен, - деді бөлім басшысы А.Муса. Аудан әкімі, комиссия төрағасы Қ.Нұртаев мүгедектерге берілетін арбаларды алғанда олардың дөңгелегіне көңіл бөлу керектігін, жіңішке болса топырақты жерде қозғалуы қиын екенін қаперге берді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT