Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық аналар кеңесінің мүшесі Света Утебалиева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан - жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының негізгі ұстанымдарына жан-жақты тоқталып, негізгі 10 бағытын саралады.

Кеңес мүшесі Ғайни Карина халықтың көкейіндегі қордаланған мәселелерге толыққанды жауабын берген Жолдаудағы жаңашылдықтарды атап өтті.

m

«Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт» республикалық жобасының тұжырымдамасын аудандық аналар кеңесі төрайымының орынбасары Анар Мусина слайд арқылы таныстырды. Кеңес төрайымы Б.Хасенова тұжырымдаманы орындауға арналған аудандық аналар кеңесінің жасаған іс-шара жоспарын талқылауға ұсынды. Онда аналар мен жастардың арасында ұлттық отбасылық құндылықтар мен мәдениетті дәріптеу, отбасы бірлігін сақтау, аналардың, біліктілігін, зияткерлігін арттыру, келісім мен бірлік бағытында бірнеше сала бойынша аналардың клубтарын құру, фестиваль мен форумдар, қоғамдық қабылдау өткізу жұмыстары қолға алынғалы отыр.

mdenietti-ana1

Айнагүл КҮНҰЗАҚҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT