Аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен "Мәдениетті ана - мәдениетті ұлт" жобасына сәйкес клуб мүшелері арасында дебат өтті.
Аудандық орталықтандырылған кітапханада оздырылған "Отбасы - қазақ қоғамының діңгегі " тақырыбындағы ойынға округтердің аналар кеңесі, "Жас Аналар мектебі", "Жас отбасылар клубы" мүшелері қатысты.
Командалар: "Қарттар үйі мен балалар үйінің көбеюі- ғасыр дерті", "Қоғамның негізін қалаушы құрылым - отбасылық рухани құндылықтар", "Мемлекет әр азамат болашағы үшін жауапты" атты қарарларды талқылап, ой бөлісті. Дебат ойыншылары тасталған тақырыптың өзектілігі мен логикалық тұрғыдан тақырыпқа сай дәлелдемелерді айтып, фактіні ашу бағытында өз ойларын жеткізді. Тартысты өткен дебат нәтижесінде: Ұлы асу" фракциясының спикерлері Асем Абуталиева, Марта Абдуллаева, "Асылым" фракциясының спикерлері Назгүл Менетаева, Үздік Хасанова, "Мейірім" фракциясының спикерлері Гүлмаржан Ажмеденова, Гүлжүзім Утебаева, "Жас буын" фракциясының спикерлері Эльмира Кошаева, Бибінұр Жақсылықова - ІІІ орынды, "Сырғалым" фракциясының спикерлері Мадина Сайыпова , Алтынай Нуфтоллаева , "Самғау" фракциясының спикерлері Эльмира Абулхасимова, Әлия Қазиева - ІІ орынды, "Ақиқат" фракциясының спикерлері Самал Утепова, Айнагүл Тажеденова, "Ғибрат" фракциясының спикерлері Римма Абулхаирова, Гүлбағила Байменова - І орынды иеленді. Оларға Дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
Жайдарлым Қайреден