Бүкіл әлеуметтік желі мен ақпарат құралдарында айтылып, тікелей эфирлерде талқыланып жатқан соңғы ақпараттардың бірі – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа Жолдауы.
Бұл құжат, халыққа әлеуметтік жағынан ықпал арттырған және нақтылы ұсыныстар беріліп, үкімет пен тиісті ведомстволарға жүктелген тапсырмалармен ерекшеленді. Маған ерекше әсер еткені, Президент «Халыққа берген уәдемді орындаймын» деді. Бұл халықтың сенімін оятқан секілді.
Мемлекет басшысының қазақ тіліне қатысты айтқандары менің көңілімнен шықты. «Ел бірлігі – оның әралуандығында» деген ұстаныммен келетін Президент: - Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз.Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралыққатынастіліне айналатын кезеңікеледі деп есептеймін.Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек.Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн, - деді.
Жолдауда Мемлекет басшысы мәдениет қызметкерлеріне қолдау білдіруге айрықша назар аударды. Біз бұған өте қуаныштымыз. Тұрғын үй бағдарламаларына қатысып, әлеуметтік жеңілдіктерге ие болу – көптен күткен игілігіміз.Сондықтан Президент артып отырған үмітке сала қызметкерлері еңбекпен жауап беретініне күмән келтірмеймін.
Жалпы, ел үшін маңызды құжатта халқымызды толғандыратын барлық мәселелердің белгілі екендігі және ахуалды жақсарту үшін іс-қимыл жоспары әзірленіп жатқандығы айтылған болатын. «Бағытымыз – айқын, жолымыз – ашық. Бәріміз бірге болсақ, еліміз бұдан да зор жетістікке жетеді деп сенемін» деді Президент.
Қысқасы, Мемлекет басшысының Жолдаудағы тұжырымдары еліміздің бүгіні мен болашағы үшін игілікті бағыттар ұсынуымен құнды екені анық. Онда көзделген зор және тың міндеттерді жүзеге асыру халқымыздың ортақ ісі болуы тиіс.
Зияда Жоламанова,
аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы