Орыстың атақты жазушысы Антон Чехов: «Ұлы халықтар тарихын сөзімен және өнерімен жазады» депті. Киелі сахнада өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген жандардың еңбегі елеп-ескеруге тұрарлық.
С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Алғашқы құттықтау сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушы Н.Қалиев бірқатар сала үздіктерін Алғыс хатпен марапаттады. Сала ардагерлері атынан құттықтау сөз мемлекеттік қызмет саласының ардагері, бірнеше жыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімін басқарған Х.Ғаббасовқа берілді.
Құттықтау сөз легін жалғаған аудандық мәслихат төрағасы Г.Қалиева бірегей өнерпаздарды Алғыс хатпен ұлығылады.
Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысы З.Сәдуақасқызы барша сала ардагерлері мен қызметкерлеріне жылы лебізін білдіріп, облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының «Алғыс хатын», облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығы басшысының «Алғыс хатын», аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының "Алғыс хатын" сала майталмандары мен мәдениет және өнер қызметкерлері арасында өткен спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне табыстады.
Шырайлы шара өнерпаздардың ән-би, күмбірлеген күйімен көмкерілді.
Еркеназ Қалижан