Құм басқан ауылда өзгеше өмір басталды…

(0 Votes)

Азғыр өңіріндегі Үштаған ауылын құм басуы мүмкін. Бүгінде ұзындығы 5, ені 2 шақырымдай шағыл ауыл іргесіне таялып, шеткері үйлердің биіктігімен теңескен. Әсіресе, биылғы жаз ауыл үшін аса қиын болыпты. Үштағандықтар өз бетімен әрекет етуге дәрменсіз.

Ауыл шетінде тұратын Ережеповтер отбасының күнделікті тірлігі құм күреуден басталады екен. Ақтолқын мен ұлы Бекзаттың қызыл құммен алысқанына біраз жыл болған. «Қысы-жазы тоқтаусыз жылжып келе жатқан көшкін үйімізді жұтып қояды-ау» деген қорқыныш бар. Бұл – Үштағанда тұратын 145 отбасыға ортақ қауіп. Әсіресе, шығыс беттегі 7-8 үйдің жағдайы аса ауыр. Бірақ, олар үйреншікті қоныстан көшкісі жоқ. Себебі, қиыр жайлап, шет қонған тұрғындар үшін құмды өңір мал ұстауға қолайлы.

m-bastaan-shtaan1

– Суымыз тегін, жердің астынан шығып жатыр. Отындыққа қи-тезек те жеткілікті. Құдайға шүкір, көгілдір отынға да қол жетті. Шалғай болғанмен, бұл жер малға да, жанға да жайлы. Бір балам қырда мал бағып отыр. Табысымыз да жаман емес. Тек бізді қинайтыны – қызыл құм, сосын жол қатынасы. Осы мәселелер шешімін тапса, атажұрттан қозғалғымыз келмейді, – дейді көп балалы ана Балғаным Қапанқызы.

Ш а ғ ы л ы л ғ а л т а п ш ы болғандықтан, толассыз көшеді. Соңғы үш-төрт жыл қатар келген құрғақшылық онсыз да ындыны кеуіп жатқан құмды қуратып жіберген. Тағы бір себеп, ауылда мал басы өсіп келеді. Бүгінде әр үйдің қорасынан 5-10 ірі қара, жүздеп қой-ешкі өреді. Әсіресе, ұсақ жандық ауыл іргесін тақырлап, шиырлап тастаған. Малды алыс қырға айдата алмаған жергілікті биліктің дәрменсіздігіне тұрғындар өкпелі. Әрине, оның да жаны бар, жерге шөп шықса, құмның аяғына тұсау түсері ақиқат.

Бұрын құм тоқтату үшін тал-теректер Құм басқан ауыл Үштағанда өзгеше жұмыс басталды отырғызылатын еді. Алайда, соңғы он шақты жылда ондай жұмыс жасалмайды. Қыркүйекте Азғыр өңірін аралаған облыс әкімі Махамбет До смұхамбетов жағдайды т а р а з ы л а й ке л е ж ау а п т ы басқармаларға тапсырма берген болатын. Сең қозғалды, қозғалыс бар.

– Аталған аумақ зерделеніп, 33,8 гектар жерге құм тоқтату жұмыстарын жүргізуге аудан әкімдігімен келісілді. Келесі жылға 10 гектар аумаққа жерге орналастыру жобасын жасақтап жатырмыз. Қазір жеке кәсіпкер 1 200 мың теңге алып, жұмысты бастап кетті. Келесі жылы ауыл іргесіне сексеуіл егуді бастайды. Осылайша, Үштаған ауылындағы құм тоқтату жұмыстары кезеңкезеңімен жүзеге асады, – дейді облыстық табиғи ресрустарды басқару және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қадіржан Арыстан.

Сексеуіл – қызыл құмға өте төзімді өсімдік. Тек оны тұқымнан емес, көшеттен отырғызу керек. Сонда тез бой алады.

Көп жылдық өсімдікті бастапқы екі-үш жыл суарса, тамыр жайған соң күтімді қажет етпейді екен. Әрі құмды тоқтататын бірден-бір амал. Б ұ ғ а н д е й і н Ж ы л ы о й ауданындағы Майкөмген, Исатай ауданының Забурын, Исатай және Қызылқоға ауданының Миялы, Жасқайрат ауылдарында құм көшкініне қарсы отырғызылған өскіндер жап-жақсы нәтиже беріпті. Енді жергілікті билік осы әдісті Үштағанға да қолданып көрмек.

Арыстанбек КЕНЖЕ,

Құрманғазы ауданы

https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521