Ұлылықтың бастауы

(0 Votes)

Ұлылықтың бастауы әз Наурыз мейрамына орай Абай атындағы жалпы орта мектепте мерекелік шара ұйымдастырылды.

275928222_1565045800542459_3035536922137459715_n

Оны мектеп директоры Жамал Хасанова ашып, Ұлыстың ұлы күнінің, қазақтың жаңа жылының ерекшелігі мен өзіндік сипатына тоқталып, қонақтарға қош келдіңін айтты. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова, Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса, Білім беру қызметкерлері кәсіподақтары аудандық комитетінің төрағасы Әуез Ізжанов мерекелік құттықтауларын жеткізіп, Наурыз нақыштары айшықталған ізгі шараны ұйымдастырушыларға зор ризашылықтарын білдірді.

abaj5

Одан әрі театрландырылған қойылымға кезек беріліп, Жер ана, Сиыр, Барыс жылы, түйе жетелеген Қыдыр ата, гүл Көктем кезегімен келіп, ортаның сәніне айналды.

abaj3

Ақ жаулықты әжелер отпен аластау рәсімін жасап, шашу шашты. Баршаға Наурыз көже таратылды.

11111111

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Р.Сәрсенова әсем әнін орындады. Мектеп оқушылары да өнерден құр алақан еместіктерін көрсетіп, жарапазан айтып, би биледі.

abaj4

abaj2

Одан әрі шара қонақтары білім ошағының алдына тігілген киіз үйге бас сұғып, оқушылар мен ұстаздар қолынан шыққан өнер туындыларын тамашалап, мерекелік дастарханнан дәм татты.

abaj1

Айнагүл Күнұзаққызы    

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT