Ұлы Жеңістің құрметіне

(0 Votes)

Биыл Ұлы Жеңістің 77 жылдығы. Мың төрт жүз он сегіз күнге созылған соғыста қалың жауға қарсы тұрып, бейбіт өмірді сақтап қалған ерлер есімі мәңгі ұмытылмайды.

Қазақстаннан бұл екінші дүниежүзілік соғысқа 1 миллион 200 мың адам қатысып, соның 350 мыңы майдан даласында қалды.

img_1658

Солардың бірі, әйгілі жерлесіміз Кеңестер Одағының Батыры Александр Никифорович Афанасьев болатын. Жылдағы дәстүр бойынша Ломоносов атындағы орта мектептің ауласындағы батырдың ескерткіші жанында тағзым ету шарасы өтті.

img_1652

Аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, басқа да шараға қатысқан ардагерлер батырдың рухы алдында бас иіп, азагүлдер қойды.

Мектеп оқушыларының күшімен шағын әдеби-композициялық қойылым назарға беріліп, батырдың туыс ұрпағы жүрекжарды жырын оқыды.

img_1692

img_1698

Бұдан соң сұм соғыстан оралмағандардың құрметіне орнатылған Боздақтар ескерткішіне аудандағы бірқатар еңбек ұжымдары, Ауған және Тәжік –Ауған соғысы ардагерлері, Чернобыль апатын ауыздықтауға қатысқандар азагүлдерін қойып, майдангерлердің рухтарына тағзым етілді.

img-20220509-wa0044

С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Ұлы дала жеңісі – ұлылықтың жемісі» атты концерттік шараға ұласты.

Айбек Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521