«Ұлы Жеңіс - бар әлемді құтқарған»

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапханада Жеңістің 74жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - бар әлемді құтқарған» атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды. Алдымен соғыстан оралмай қыршын кеткен боздақтар бір минут үнсіздікпен еске алынды.

Оқырмандар сұрапыл соғыс жылдарына арналған бейнероликке назар аударды. Оқушылар «21 маусым 1941 жыл, радиодан хабар» көрінісін шынайы сомдады. Кеште орындалған «Мәншүк Мәметова», «Катюша», «День Победы» және басқа отаншыл әндерді қатысушылар ұйып тыңдады. Кітапхана қызметкері Гүлайна Жалғасбайқызы «Жеңіс даңқы-ғасырларға самғайды» атты кітап көрмесіне шолу жасады.

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT