Ұлы күйші ұлықталды

(0 Votes)

Ұлттық мерекеміз Домбыра күніне орай Құрманғазы алаңындағы ұлы күйші ескерткіші алдында салтанатты шара ұйымдастырылды.

i

i

Оны аудандық өнерпаз Болат Бидоллаев жүргізіп, мерекенің мәні мен мақсатына тоқталды.

i

Шара барысында біртуар күйші бабамыздың ескерткішіне аудан әкімдігі мен аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық мәслихат, «Жиделі» фольклорлық ансамблі, Дина Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебі, Дәулеткерей балалар музыка мектебі, аудандық аналар кеңесі атынан гүлдестелер қойылды. Аудан әкімі Қайрат Нұртаев мерекелік тілегін білдіріп, тектілігімізді, ұлттық кодымызды аша түсетін киелі аспаптың маңыздылығы жөнінде сөз тарқатты.

Шараға жиналғандар дәстүрлі әндерді орындаушы Нұрболат Исаевтың өнерін тамашалады. Бұдан кейін мерекелік шара «Серпер» базарының «Мирғали» автотұрағында «Домбыра – жаны қазақтың» атты концертпен жалғасын тапты.

i

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT