9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Осынау атаулы мейрамды Еңбекші ауылдық округі жоғары деңгейде атап өтті. Ауылдық ардагерлер кеңесі мен қоғамдық ұйымдар, Округ әкімі аппараты мен аудандық мәслихат депутаты, округке қарасты мекемелер қатысуымен Ұлы Отан соғысы құрбандарына гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Жиналғандар майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, әруақтардың рухына құран бағыштады. Одан әрі “Ұлы ерлікке мәңгілік тағзым” атты салтанатты мәдени шарамен жалғасын тапты.
Салтанатты жиынды округ әкімі Ж.Хамзин, ардагерлер кеңесі төрағасы Ғ.Қалиев ашып, ардагерлерді мерекемен құттықтады. Облыс әкімінің алғыс хатымен Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Улдай Алгаязованы марапатталып, округіміздегі мерейлі 85 жасқа толған ардагерлерімізді округ әкімі құттықтап, сыйлықтар табыстады.
Одан әрі ауылдық клуб өнерпаздарынының концерттік бағдарламасына ұласып,өнерпаздардың соғыс жылдарындағы әндері шырқалды.