Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер

(0 Votes)

Аудандық музейде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі қорындағы зергерлік бұйымдар коллекциясынан «Ұлы дала мәдениетіндегі зергерлік өнер» экспозициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Алғашқы сөз кезегін алған аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова шеберлер мен зергерлер, ұсталардың қолынан шыққан көздің жауын алар зергерлік бұйымдары ұлтымыздың мәдениет тарихында алар орны ерекше екендігін атап өтіп, жылжымалы көрме жұмысына сәттілік тіледі. Академик-жазушы, «Өренді өлкетанушы» клубының төрағасы Өмірзақ Қажымғалиев бабалар мұрасын іздестіруде, тарихи жәдігерлерді халыққа таныстыруда музей қызметкерлерінің атқарып жатқан еңбегін жоғары бағаласа, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Құмарғалиев музей қорында жинақталған кейбір жәдігерлерді мысалға келтірді. Жүргізуші аудандық музейдің меңгерушісі Жазира Хайрошова экспозицияның лента қию рәсімін аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанова мен ауданның Құрметті азаматы Өмірзақ Қажымғалиұлына ұсынды. Көрмені облыстық тарихи-өлкетану музейі этнография және өлке табиғатын ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Базаргүл Мақсотқызы таныстырды.    

86994c5b-4915-4dfb-a50f-f50d344c61fe

Кемер, дегмент белдік, алқа, бойтұмар, сырға, білезік, үкіаяқ, жүзік, түйме, қапсырма, шолпы, өңіржиек және тағы басқа бұйымдармен қатар әшекейлерді таққан қазақ аруларының суреттері де іс-шара тағылымын тереңдете түсті.

72b48952-ff11-493c-806b-f34801ed337a

Бұйымдардың барлығының дерлік басты материалы – күміс. Мысалы қазақ аруларының гигеналық заттары топтастырылған композицияда да барлық бұйымдар күмістен соғылыпты. Көрмені тамашалап жүріп қазіргі қолөнер бұрынғы шеберлердің өнерінен мүлде бөлек екенін еріксіз аңғарасың. Сапасы да, техникасы да мүлде басқа. Бағзы ел өмірін көз алдыңа келтірер мұндай жәдігерлер өз халқыңның өткеніне деген мақтаныш сезімін сыйлайтыны анық. Жылжымалы облыстық көрме Орлы, Теңіз, Мақаш, Еңбекші ауылдық округтерінде жалғасын табады.  

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521