Ұлы дала ұландары

(0 Votes)

Олар – жасаған еңбегі мен атқарған ісінің ақысын сұрамайтын, жақсылыққа жаны құмар жандар. Адамгершіліктің ақ туын көтерген жомарт адамдар.

Өткен жыл ел Президентінің жарлығымен «Еріктілер жылы» деп жарияланған болатын. Өйткені, пандемия жағдайында тәжтажал өршіп тұрған шақта көмекке асыққан алдыңғы саптағылар – волонтерлер еді. Олардың өлшеусіз бұл еңбегі небір шарапатқа лайық. Осы орайда, облыстық ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде «Ұлы дала ұландары» атты марапаттау кеші өтті. Салтанатты жиын барысында алғысөз алған аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Әдебиетқызы, өз белсенділіктерін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, игі істің басынан табыла білген ауданымыздың ерікті жастарына алғысын айтып, республикалық волонтерлер Фронт-офисі басшысының және облыстық «Азаматтық орталығының» алғыс хатымен бір топ еріктілерді марапаттады.

20211229_184938

20211229_184922

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Талғат Мерекеұлы да «Құрманғазы атындағы аграрлық колледжінің» волонтерларына алғыс хатын табыстады.

20211229_185012

img-20211229-wa0052

Ал, «Шұғыла» бүлдіршіндер би тобы және Сағынғали Ерболат, Заря Қуанышқызы, Раушан Сәрсеновалар әсем әнімен әдемі кештің шырайын кіргізе түсті.

img-20211229-wa0053

img-20211229-wa0054

 

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT