Лудомания - қоғам дерті

(0 Votes)

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында  қоғамды алаңдатып отырған қауіпті жайт – лудоманияға тосқауыл қоятын заңдар қабылданғанын айтқан болатын.  

Лудомания –  адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойын құмарлығы. Мұның соңына түскен адамдар оған жан-тәнімен беріліп, тек материалдық шығынға ұшырап қана қоймай, рухани тұрғыда да әбден азғындап кеткенін сезбей қалады. Адами болмысынан, қолында барынан айырылады. Қарызға белшесінен батып, айналасындағыларға жеккөрінішті болады. Сол себепті оның алдын алу, зиянын түсіндіру, жастардың бұл қауіптің жетегінде кетуіне жол бермеу баршамызға ортақ міндет.

Өзекті тақырып аясында Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының бастамасымен Құрманғазы аграрлы-аграрлы техникалық колледжінің студенттерімен және пробация есебінде тұрған азаматтармен еркін форматта кездесу өткізілді. Кездесуге аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Жексенбай, Құрманғазы аудандық прокуратурасының прокуроры Д.Қуанғалиев, Құрманғазы АПБ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Э.Жонысова, аудандық емхананың психиатр-накологы Т.Сисеналиев, Құрманғазы ауылдық округі жанындағы аналар кеңесінік төрайымы Г.Төкестаева және Құрманғазы аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Б.Әнесов қатысып, тыңдаушылармен лудомания тақырыбындағы ақпараттарды бөлісіп, сұрақтарына жауап берді.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT