ҰЛТТЫҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ-РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

(0 Votes)

Облыстық “Әкелер академиясы” жобасы аясында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай Абай атындағы жалпы орта мектепте “Ұлттың алтын діңгегі-рухани құндылықтар” тақырыбында өркениет фестивалі өткізілді.

Фестиваль мақсаты: Ұлыстың ұлы күнінің айрықша тәлім-тәрбиелік, үлгі өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық, қадір-қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарын үлгі ету.

Фестивальге мектеп директоры Жамал Әдебиетқызы қатысып, аталмыш шараның тәлім-тәрбиелік мәні зор екендігін ерекше атап өтті. Өз кезегінде облыстық пәндік олимпиада жүлдегері Шамұрат Нұрдан арнайы сыйлықпен марапатталды. Одан бөлек аталар, әкелер кеңесінің төрағалары мен мүшелері белсендік танытты.

Шара аясында дәстүрлер қонақ күту, мал сою, жіліктеу, бас ұстау, қамшы (түрлері, ұстау, қолдану), атқа міну бойынша шеберлік сыныптары көрсетілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521