Ұлттық мейрам Наурыз мерекесіне орай Сафон ауылдық округінің жанынан құрылған аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тағамдар фестивалі» өтті.
Қазақтың ұлттық тағамдар фестивалі – бұл қазақ мәдениеті мен гастраномиясын таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Фестивальге қатысушылар қазақтың ұлттық тағамдары бешбармақ, қуырдақ, бауырсақ, қарын бүрме, нарын, сүт өнімдері қаймақ, балқаймақ, ірімшік және басқа да дәстүрлі тағамдарды ұсынды. Шара барысында ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары жарапазан айтып, әжелер тобы ән шырқап, қоржын сыйлық таратылды. Бұл тамаша шара қазақтың ұлттық тағамдары мен мәдениетін насихаттап, халқымыздың асыл мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік берді.
А.Салимова,
Сафон ауылдық округінің бас маманы, аналар кеңесінің мүшесі