Ұлттық спорт ұлықталды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаңның бір шетінде ұлттық спорт түрлері – садақ ату, қол күресі, кір тасын көтеру және басқаларынан жарыстар ұйымдастырылды.

Аудан әкімі Марат Мурзиев жәрмеңке мен спорттық жарыстарды аралап шықты. С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы демалыс алаңында «Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен» атты салтанатты шарада аудан тұрғындарын татулық пен бірліктің, еңбек пен ырыстың жарқын мерекесімен құттықтап:

– Наурыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, бүгінгі күнмен сабақтасып келе жатқан сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың төл мейрамы. Өткен жыл ауданымыз үшін табысты болды. Ауданымыздың экономикасы ауыл шаруашылығына негізделсе, мал және балық шаруашылығында әлдеқайда ілгеріледік. Басқа салалар бойынша да жетістіктерге жеттік. Биыл да аудан экономикасын дамытуға, әлеуметтік қорғау саласына тиісті қолдау жасалады. Бабаларымыз: «Ұлыстың ұлы күні айтылған барлық тілектер қабыл болады» деген екен. Әрбір шаңыраққа құт-береке мен шаттық алып келсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, келесі Наурызды да бірге қарсылайық,– деген ізгі тілегін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521