Ұлттық ойындарда бақ сынады

(0 Votes)

Жылда бір келетін ұлттық мейрамымыз Әз-Наурыз спорттық ойындарсыз өтпейтіні белгілі. Бүгін оларды өткізуге күн де қарасып тып-тымық, жып-жылы болып тұрды.

Бөкейхан ауылдық округінде ұйымдастырылған «Наурыз берекем, наурыз мерекем» атты шарада ұлттық спорт түрлерінен сайыс қызды. Жастар ләңгі тебуден, қол күресінен, кір тасын көтеруден, арқан тартыстан жарысқа түсті. «Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді», дегендей, жеңіске деген үмітпен жігерленіп, сырт киімдерін шешіп тастап, білек сыбана кіріскен жігіттер мен жасөспірімдер озық шығу үшін бар күшін салып бақты. Бірақ, жеңіс те өз таңдауын жасайды ғой.

Ләңгі тебуде І орын Данияр Муфталиховқа бұйырса, ІІ және ІІІ орындар Али Муталиев пен Шыңғыс Қайырғалиға тиді. Бұлшық еттің күшін көрсететін қол күресінен Абылай Юриев алдына жан салмаса, Жанхат Ислямов пен Рашид Абдрахманов ІІ және ІІІ орындарды місе тұтты.

Кір тасын көтеруде Қадірбек Қарабалаев көш бастап, Тұрдыбек Мажитов пен Нұрлыбек Иманғалиев ІІ және ІІІ орындардан көрінді. Бар күштерін салып, табандарымен жерді ойып тірескен арқан тартушылардан І орын 1980 жылы туғандар командасына тиіп, ІІ және ІІІ орындар 94 жылы туғандар мен Шағыл ауыл командасына бұйырды. Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен байрақтар табыс етілді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521