Ұлттық мерекеге орай көрме ұйымдастырылды

(0 Votes)

Аудандық С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде ұлттық мереке Республика күніне және Құрманғазы ауданының 95 жылдық мерейтойына орай Құрманғазы аудандық музейі көшпелі көрме ұйымдастырды.

«Қойнауы тарихқа толы мекен - Құрманғазы» деп аталған көрмеде Бөкей Ордасы тарихынан бастап ауданның құрылуы, кеңшар, ұжымшар, денсаулық, білім беру салалары туралы баяндалса, Теңіз жағалауы округі мөрі, Теңіз ауданының 1982 ж. шежіресі, ауданға және ауылға Құрманғазы атының берілуі жөніндегі қаулылар (1993 ж, 2018 ж), «Жеңімпаз балықшы», «Жеңімпаз құрылысшы» ленталары, 1973-1985 жылдары аудандық партия комитетінің хатшысы болып елдің көркеюіне үлес қосқан Темірташев Құмардың бұйымдары, домбыралар коллекциясы, қойдың жауырын сүйегінен әуесқой сүйекші Б.Бидуллаевтың қолынан шыққан Құрманғазы бейнесі туындысы, алғашқы дәрігерлік құралдар, 1940 ж Қазақ әдебиеті хрестоматиясы (латын қарпінде), спорттағы әр-түрлі жылдардағы жетістіктердің көрсеткіш кубоктары қойылып ауданның 95 жылдық бай тарихынан сыр шертті.

Көрмені ауданға келген қонақтар, айтыскер ақындар , аудан тұрғындары тамашалап домбыралар коллекцияларына, алғашқы тарихи құжаттарға, өлкеміздегі Қасиетті тарихи орындарды анықтау, қарапайым халық көп біле бермейтін киелі жерлерді көрсете отырып, өлкеміздің рухани құндылықтарын жаңғырту, тарихи ескерткіштерін, біртуар перзенттерінің есімдерін, жер атауларын, халық арасында, әсіресе өскелең ұрпаққа мирас етіп қалдыру мақсатында жарыққа шыққан «Киелі мекен, Қасиетті өлке- Құрманғазы» тағылымдық-танымдық кітаптарына ерекше назар аударды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT