Бүгін аудандық аурухананың перинаталдық бөліміне барып, Ұлттық мереке 25 қазан - Республика күні туылған сәби мен анасын құттықтап қайттым.
Ұлттық мереке күні дүниеге келген нәресте мен анасының денсаулық жағдайлары қазіргі таңда жақсы. Оларға толықтай дәрігерлік бақылау жасалуда.
Біз үшін ең бастысы сәбилер мен аналардың саулығы. Дүние есігін мереке күні ашып, шаңыраққа шаттық сыйлаған бөбегіміздің аман-сау, еліміздің айтулы азаматшасы болып өсуіне тілектеспін.
Қазақтың саны көбейе берсін деп тілеймін!
Абат Жанғалиев, аудан әкімі