Ұлттық мереке аясында әскери-патриоттық жарыс өтті

(0 Votes)

25-қазан Республика күніне орай М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушылары арасында әскери-патриоттық жарыс өткізілді.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында Отанды қорғауға әзір ел азаматының жоғары патриоттық сезімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;

Мергендер сайысына 9-11сынып аралығындағы оқушы қыздар да қатысты.

Сайыс шарты бойынша, қатысушылар 10 метр қашықтықта оқты нысанаға дәл тигізуі қажет. Жарыс қорытындысында жақсы нәтижеге жеткен және ең жоғары балл жинаған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды. «Тапаншадан ату» сайысына қатысқан оқушыларымыз оңды нәтиже көрсетіп, аудандық додаға жолдама алды.

Ұлдар арасында:

I-орын Серікбаев Мансур 9«Б» сынып

II-орын Хайыржанов Жансултан 10«А» сынып

ІІІ-орын Сырымов Бақытжан 11«А» сынып.

Қыздар арасында:

І-орын Махсутова Аружан 9«Б» сынып

ІІ-орын Бахитова Анель 11«А» сынып

ІІІ-орын Зинет Асем 9«В» сынып.

Жарысқа қатысып белсенділік танытқан оқушыларға келесі додаларда сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT