Президент Жолдауындағы цифрлық өзгерістер мәдениет саласына да үлкен серпін береді. Жасанды интеллект арқылы ұлттық музыка мен өнерді сақтап, цифрлық форматта шет елдерге танытуға жол ашылады. Бұл біздің мәдени мұрамызды заманауи әдіспен насихаттап, Қазақстанның имиджін халықаралық деңгейде көтереді. Президент бастамасы – ұлттық құндылықтарды жаңа дәуірге бейімдеудің нақты тетігі.
Сәния ӨТЕПҚАЛИҚЫЗЫ,
Мәдениет саласының ардагері