Наурыз мерекесі Ақкөл ауылында да жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.
Вокзал маңына алтыбақан құрылып, ақ киіз үйлер бой көтерді. Жеке кәсіпкер Мұхамбеталиевтер әулеті, «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақкөл ЖӨБ, депо, Атырау теміржол бөлімшесіне қарасты Ганюшкин стансасы және Ақкөл ауылдық округі әкімдігі бір-бірден киіз үй құрып, ішіне қазақтың ақ дастарханын жайып, ұлттық тағамдар қойды. Ардагер теміржолшыдан бастап ауылдың балаларына дейін наурыз көжеден ауыз тиді. Теміржол саласында байланыс қызметін атқаратын «Транстелеком» және «ШЧ-8» мекемесі көше бойына дастархан жайып, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынды.
Мерекелік шарада округ әкімі Бисенбай Кәрімұлы құттықтап, арқан тартыс, кір тасын көтеру, футбол, волейбол сынды ойындардан жарыс өтті.
Елеусін Ибрагимұлы