Ұлттық ойындар дәріптелді

(0 Votes)

Ұлыстың ұлы мейрамы Наурыз мерекесіне орай жас туристер бекеті мен балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубының ұйымдастыруымен ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырылды. Оған 10 мектептен 5 және 8 сынып аралығындағы оқушылар қатысты.

Халқымыздың ұмыт қалып бара жатқан ұлттық ойындарын жаңғырту мақсатында өткізілген сайыстың ашылу салтанатында аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Еділ Баяров сөз алып, қосымша білім беру саласының бүгінгі зор жетістіктеріне тоқталды. Жас туристер бекетінің директоры Алмажи Өтегенов қатысушыларды ізгілік пен ынтымақтың мерекесімен құттықтап, балғын спортшыларға сәттілік тіледі. Осылайша «Қалашық», асық ату, бестас, ләңгі тебу ойындары бойынша өзара бақ сынасқан оқушылар жарыс жолында тек қана мықтыларды анықтады.

А.Шакупова.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21